2024 жылғы 8,4 сыныптарына арналған TIMSS тесттер, жауаптарымен
Қатысушы елдерде (олардың саны әр жылдары 25-тен 50-ге дейін өзгерді) оқушылар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігі толтырған арнайы сауалнамалар арқылы оқу процесінің ерекшеліктері Қосымша зерттеледі. Алынған ақпарат негізгі тестілеу нәтижелерін тереңірек түсінуге және әр елдегі математикалық және жаратылыстану білімінің ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Қазақстан жаратылыстану-математикалық білім беру сапасын зерттеудің көшбасшы елдерінің қатарына енді. TIMSS зерттеуінде математикадан еліміздің төртінші сынып оқушыларының орташа балы 544 балл, жаратылыстану пәндері бойынша – 550 балл; математикадан сегізінші сынып оқушыларының орташа балы – 528, жаратылыстану пәндері бойынша – 533 балл болды. Қазақстандық сегізінші сынып оқушылары әлемнің 39 елінің қатысушылары арасында математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 7-ші және 9-шы орындарды иеленді. 4-сыныптарда білім алушылар зерттеуге қатысушы 49 ел арасында 8-ші және 12-ші орындарды иеленді"