Categories
ЕНТ FREE

Буын

Сөз айтылғанда, түтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтыуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді.
Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та.
Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді.
Сонымен, буын дегеніміз – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы.

1. Буынның түрлері
Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б.