Categories
ЕНТ FREE

Екпін

Екпін

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.
Екпін түспейтін буындар
1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.
3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.
4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

Похожие файлы

Комментарии

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.

Регистрация Вход