Categories
ЕНТ FREE

Лексикология және оның салалары

Лексикология және оның салалары

Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен семасио¬логия, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға бөлінеді.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан кдрастырады.
Сөз дегеніміз дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі. Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, белгілі сөз арқылы ойлайды. Ойлауға қатысқан сөз мағыналы дыбыстардың жүйелі түрдегі дыбысталуы, айтылуы түрінде болады.

Похожие файлы

Комментарии

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.

Регистрация Вход